Спорт

Головкиннің үздік алты жеңісі талданды

ProBoxTV.com сайты бұрынғы орта салмақтағы әлем чемпионы, жерлесіміз Геннадий Головкиннің үздік алты жеңісін талдады. Соның ішінде британдық Мэттью Маклинмен болған жекпе-жектегі нокаут «ең ерекше нокаут» деп танылды.

Геннадий Головкин

Аталған жекпе-жек 2013 жылы 29 маусымда американың Машатакет қаласында өткен. GGG қарсыласын үшінші раундта айқын басымдықпен жеңеді.

– Қай қырынан алсаң да ерекше нокаут. Головкин бірінші раундта оңай жеңді. Екінші раундта Маклиннің қабағы жарылды. Ол ашуланып, алға ұмтылды. Осы сәтте Гена басына бірнеше соққы жасады. Қарсылас бетін жапқанда бүйректен түйреп өтті. Құлатып, екі қабырғасын сындырды. Төреші Эдди Коттон санай бастағанда «Бұл қалыпты жағдай емес», деп таң қалды комментатор Макс Келлерман. Иә, шынымен, бұл – бокс тарихындағы ерекше нокаут, – деп жазады басылым.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button