Геннадий Головкин жеңіске жетті

Қазақстандық спортшы Геннадий Головкин канадалық боксшы Стив Роллсты төртінші раундта нокаутпен жеңді. Кездесу АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы «Madison Square Garden» аренасында өтті.

ESPN телеарнасының сарапшысы Дэн Рафаэль аталмыш кездесуден кейін Геннадий Головкиннің 2 млн.доллар алатынын айтты. Өзге шетелдік басылымдардың айтуынша, қазақстандық спортшының жалпы табысы 15 миллион болады. Ал, канадалық спортшы болса 300 мың доллар алады.