Генаның Жүлдесі – жұрт назарында

    Қарағандылық былғары қолғап шебері Геннадий ГОЛОВКИННІҢ медальдары мен жүлделер жиынтығы жұрт назарына ұсынылды.

Жақында «Boxing Exposure» порталы орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы боксшы Генаның медальдары мен марапаттарының коллекциясын көзайым етті. Жұртқа жария болған фотода «Орта салмақтағы король Геннадий Головкиннің медальдар жиынтығы (The medal collection of Middleweight King Gennady Golovkin)»,– деп жазған екен.

Айта кетейік, кәсіпқой бокста қарсыластарын қоғадай жапырған жерлесіміз 37 кездесуінің 33-ін уақытынан бұрын тәмамдаған. Бүгінде Қазақ елінің Көк Туын желбіретер боксшыға қазақстандықтардың сенімі зор.

Нұрдос КӘРІМ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.