Жаңалықтар

Гена дайындықты күшейтті

     Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий ГОЛОВКИН жаттығуды күн сайын арттырып жатқандығын мәлімдеді.

Жаттығу залында екінші аптасын өткізген былғары қолғап шебері шынығуды күшейткен. Сонымен қатар, осы жыл жарқын болашақ сыйлайтындығына сенімі мол.

Бүгінгі күнде әлеуметтік желі қолданушылары 18 наурыз күні өтетін қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин америкалық Дэниэл Джейкобспен жұдырықтасатын сәтті асыға күтіп жүргендерін жарыса жазуда. Тіпті, Геннадий алдағы жекпе-жекті нокаутпен жеңеді деп болжам жасауда.

Айта кетейік, Геннадий Головкин осыған дейін 36 жекпе-жекті сәтті өткізді. Барлығында жеңіске жетіп, жанкүйерлерін қуантты. 33 кездесуін уақытынан бұрын аяқтады.

Ал, америкалық боксшы кәсіпқой бокстағы мансабын 2007 жылы бастаған. Одан бергі уақыт аралығында 32 рет қарсыластарымен қолғап түйістірген. Оның 31-інде қарсыластарынан басым түсіп, мықтылығын танытқан. Боксшы 29 кездесуін уақытынан бұрын тәмамдаған. Тек, 1 жекпе-жегінде жеңіліс дәмін татқан.

Нұрдос КӘРІМ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button