Гена – арандаудан аулақ

    Бүгінде Геннадий ГОЛОВКИН (37-0, 33 КО) — Билли Джо СОНДЕРС (24-0, 12 КО) айқасы туралы алып қашпа әңгіме басылмай тұр. Қос мықтының маңайындағылар түрлі ақапарат таратып, кейбір сайттар расталмаған ақапараттың айдарынан жел естіріп боксшылар жайлы сенсация жасауды әдетке айналдырды.

pogudxqfntemhm69o_5474c268

Тіпті кешегі күні Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Берік Маржықпаев17 шілде де Геннадий Головкиннің жекпе-жегі өтетіндігін айтып жар салды. Көп ұзамай Елорда әкімдігі 2017 жылдың 17 шілдесінде Геннадий Головкиннің жекпе-жегі өтетіні туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді. Сонымен қатар, британдық боксшы Билли Джо Сондерс қарағандылық қарымды боксшы Генаның жүйкесіне тиіп, арандатумен айналысуда.

Қарсыласы «GGG — қорқақ Борат. Сондерспен бірлестіруші айқас жаса!» деген жазу жазылған футболка киіп, суретке түскен. Суреттің астына Сондерс: «Кездейсоқ жігіттен — керемет сыйлық», — деп жазба қалдырған. Айта кетейік, боксшылардың промоутерлері Том Леффлер мен Фрэнк Уоррен кездесуді ұйымдастыру туралы келіссөздер жасасуда. Келісімшартқа осы аптада қол қойылуы мүмкін деген болжам жасалуда.

12 раундқа созылған айқастан соң былғары қолғап шеберін сөгіп, қаймығып жүрген боксшылар кездесуге әзір екендіктерін айтуда. Солардың бірі британдық боксшы Томми Лэнгфорд биылғы жылы Геннадий Головкин — Билли Джо Сондерс арасындағы кездесуде кім жеңсе де, сол жеңімпазымен жұдырқтасатындығын хабардар етті. Ол алдағы уақытта өтетін үш жекпе-жегін сәтті өткізуге тырсатындығын жеткізген.

Америкалық журналист Джошуа Блисман «boxingnews24.com» сайтында қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді мексикалық Сауль Альварестен қашып жүр деп айыптаған болатын. Бірақ, бұл бос дақпырт екендігін мамандар жарыса жазуда.
Мексикалық Сауль Альвареспен жерлесіміз Геннадий Головкин қолғап түйістіреді деген ақпарат тарағалы көп болды. Екі мықтының жолы түйіспей тұрғандығы рас. Талайды тәубасына келтіріп сабаған сойыл жұдырықтыларға қисынсыз сұрақ қойған БАҚ өкілдері тырнақ астынан кір іздеп жүр. Десек те, қарсыластарына құрметпен қарайтын Гена олар туралы артық ауыз әңгіме айтқан емес. Мінезді боксшыдан мін таппаған сайттар Головкиннің болашақ қарсыластарын қайрауға көшкен.

Екі боксшы да осал емес. Төрткүл дүниеге танылған теңдессіз былғары қолғап шеберлері.

Еске сала кетейік, Сауль Альварес кәсіпқой рингте барлығы 48 кездесу өткізіп, 46 рет жеңіске жеткен. 32 қарсыласын сұлатып, бір рет ұтылып, тағы бір бәсекеде тең түскен.

Ал, Геннадий Головкин таяуда ғана GGG кәсіпқой рингте 37-ші жеңісіне қол жеткізіп жанкүйерлерін қуантты. Астамшылықтан аулақпыз. Жекпе-жекте кімнің мерейі үстем болатындығын алдағы уақыт көрсетеді.

Нұрдос КӘРІМ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.