Бас тақырыпЖаңалықтар

“Өгей қызын өлтірді” деп айыпталған қоғам белсендісі 20 жылға сотталды

Бүгін, 18 наурызда Алматыда жеті жасар Карина Закураеваны өлтірді деп айыпталған өгей шешесі Балжан Тұрлыбек кінәлі деп танылып, 20 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ortalyq.kz “Адырна” ұлттық порталына сілтеме жасап.

Сурет: qaz.ulysmedia.kz сайтынан

Әйел ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 3-бөлігі («Кәмелетке толмаған адамды өлтіру») бойынша сотталды.

Сот қылмыстық істі қарап, Балжан Тұрлыбекті кінәлі деп танып, 20 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын орташа режимдегі колонияда өтейтін болады“, – деді сот отырысына төрағалық етуші Ерлан Болатов.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдан бері Балжан Тұрлыбек бірінші некесінен кішкентай қызы бар азаматпен бірге тұрады. Қыз бала қуығы ұстамайтын аурумен ауырған.

2023 жылдың жазында сотталушы баланың бұтына жіберіп қойған жағымсыз иісін сезіп, ашуланған. Айыптаушы тараптың айтуынша, ол өгей қызының мойнынан ұстап, басынан ұра бастаған, содан кейін оны жуынатын бөлмеге сүйреп апарып, басын ваннаның шетіне қатты соққан. Бала жедел жәрдем келгенше қайтыс болған.

Материалды әзірлеген: Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button