Жаңалықтар

Фейсбуктің болжамы (Нұрхан Мыңбайға)

Сурет кейіпкердің жеке мұрағатынан
Фейсбук мені өзіне некеледі.
Тексереді, тергейді  жеке мені;
«106-ға келесің» – дейді маған,
(79 болса да жетер еді…).
О, ғарыштың мен екем еркін ұлы,
Өлерімде бұлтты да серпіп ірі – 
Күледі екем сақылдап!..
(100-ден асса,
Нұрхан-дағы* күледі, мен түгілі?).
Әлі талай тезден һәм саптан өтем,
91-дей пайызым – ақтар**  екен;
50 де 50 – біраз жұрт…
Тәубе, менің
9 пайыз ғана жерім… 
қап-қара екен?**
Қалай әкем мендей бұл ұл тіледі?
Ақын болып, – кім содан бір түледі?
Сол 91 пайыз ғой мені құртқан!
… Олигарх болуым мүмкін еді?!
Өлең болып көшкенде – абат тұнып,
Жүгіріп пе ем соңынан балақ түріп?
… Ия, күлем өлерде ішегім қатып,
Сол 91 пайызға  қарап тұрып…
Серік АҚСҰҢҚАРҰЛЫ,
*Нұрхан Мыңбай – журналист, 
құрдас-замандас.
**ФБ-Ақ пен Қараны таразыға тартқанда (С.А.)

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button