Жаңалықтар

Федоров су қоймасының жағалауы қоқыстан тазартылады

Өңірде 15 сәуір мен 31 мамыр аралығында «Таза су қоймалары» табиғатты қорғау акциясы өткізілмек. Аталмыш акция су қоймаларының жағалауын тазартып, балық ресурстарын және олардың тіршілік ету ортасын сақтау мақсатында ұйымдастырылады. Акция аясында Федоров су қоймасы мен жағалау аймағы балық аулау торлары мен қоқыстардан тазартылады деп күтілуде.

Бұған еріктілер, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің биология-география факультетінің студенттері, Нұра-Сарысу облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының және Қарағанды шаруашылығының ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандары, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер қатысады.

Өткен жылы осы акция аясында су қоймаларына тастап кеткен 939 балық аулау құралы, балық аулау торын алып шыққан. Одан бөлек, су қоймасының жағалауы тұрмыстық қоқыстардан тазартылып, жалпы салмағы 149, 175 тонна қоқыс шығарылды.  Су айдындарында қоқыс жәшіктері де орнатылған.  

Ербол ЕРБОЛАТ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button