Еваның ерек әлемі
«Алтын ғасыр» галереясында жерлесіміз, қарағандылық суретші Ева Натанованың жеке көрмесі ашылды. Онда жұрт назарына майлы кескіндеме техникасында орындалған 40-тан астам жұмыс ұсынылды.
Ева Натанова сурет өнерімен бала кезінен айналысады. Өнер мектебінде білім алған. Қарағанды педагогикалық институтының көркемсурет-графика факультетінің түлегі. Республикалық және халықаралық көрмелерге қатысушы, «Бұқарадағы суретшілер» жобасының мүшесі. Отыз жылға жуық уақыттан бері қылқаламы қолынан түспей келе жатқан суретші ғажап туындылардың авторы.
– Көрме көп жылдық еңбектің нәтижесі ретінде ұсынылды. Еліме есеп бергім келді. Туындыларым адам жанына жарық сыйлайтын кескіндеме жанрында жазылады. Жанды оятып қана қоймай, жүректерді жақындатады, тыныштандырады. Негізінен маймен жұмыс істеймін, бірақ, жақында акрилмен жұмыс істей бастадым. Декупаж техникасы арқылы витражды контурларды қолданып көрдім. Көрмеде май мен акрилдің комбинациясы көрініс табады. Ашық, қанық түстерді, әсіресе, қышқыл реңктерді жақсы көремін. Майлы кескіндемеде осындай жарқын реңктер жетіспейді. Сондықтан, акрилмен екпін қоямын, – деп атап өтті суретші.
«Алтын ғасыр» галереясындағылар Ева Натанованың ерекше жұмыстарын басқалармен шатастыру мүмкін еместігін айтады.
– Ева – талантты және ерекше суретші. Оның жұмысы жарықтығымен, экспрессиясымен ерекшеленеді, көрерменін аспанға қалықтатады. Туындылардан қалыпты өмірдегі, жердегі тақырыптарды таба алмайсыз. Еваның жан әлемін түсіну жұмысына мұқият үңілу керек. Бұл – рахат сезімге бөлейді, – дейді «Алтын ғасыр» галереясы жетекшілерінің бірі Бибігүл Исполова.
Жәлел ШАЛҚАР,
Ortalyq.kz