Жаңалықтар

Еуропалық комиссияның төрағасы Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді

Биыл Қазақстанға Еуропалық комиссияның төрағасы Урсула фон дер Ляйен жұмыс сапарымен келеді. Мұны Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко айтты, деп хабарлайды ortalyq.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

– Былтыр қарашада Еуропалық одақтың (ЕО) бастамасымен Премьер-Министр Әлихан Смайылов пен Еуропалық комиссияның төрағасы Урсула фон дер Лейен шикізат материалдарын жеткізуді әртараптандыру бойынша меморандумға қол қойды. Бұл қаржылық және технологиялық салада ЕО-ның өнеркәсіптік альянсымен ынтымақтастық орнатуға ықпал етеді, – деді Роман Василенко.

Мұнымен қоса спикер биыл елімізге Еуропалық комиссияның төрағасы Урсула фон дер Ляйен келетінін мәлім етті.

– Биыл біз Еуропалық комиссияның төрағасы Урсула фон дер Ляйен Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді деп жоспарлап отырмыз. Бұл сапардың Қазақстан мен ЕО арасындағы қарым-қатынасқа 30 жыл толуына тұспа-тұс келуінің символдық мәні бар, – деді Сыртқы істер министрінің орынбасары.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button