Жаңалықтар

Ет өндіруде өсім бар

Биылғы жылдың он айында облыста 104,9 мың тонна мал мен құс еті өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,4%-ға артық. Бұл туралы облыстық статистика департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ет өндіруде айтарлықтай үлес сиыр етіне тиесілі – 47,7%. Қой мен ешкі еті – 16,4% , жылқы еті – 18%, шошқа еті – 10%, құс еті – 7,8%, түйе еті – 0,1%-ды құрайды. Еттің басым бөлігі жеке шаруашылықтарда өндірілген. 53,1%.

Облыстың ет өндірісінің жалпы көлеміндегі айтарлықтай үлес салмақты Шет (16,3%), Бұқар жырау, (14,6%) және Қарқаралы (14,6%) аудандары иеленіп отыр.

Сондай-ақ, сиыр сүтін өндіру 3,5%-ға өсті. 412,3 мың тоннаны межеледі. Сүттің негізгі өндірушілері – жеке шаруашылықтар. Облыстық көлемдегі олардың үлесі – 53,8%. Сиыр сүтінің негізгі көлемін Шет, Бұқар жырау және Қарқаралы аудандарының шаруашылықтары өндірген. Облыс бойынша өндірілген сүттің 45,4%-ы аталған аудандарға тиесілі.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button