Жаңалықтар

Есірткі тасымалдаушы құрықталды

Қарағанды облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 23 жастағы есірткі жасырып кетушіні ұстады.

Күдіктінің үйінде жүргізілген тінту кезінде ерекше иісі бар ұнтақ тәрізді зат, үш электронды таразы, zip-lоck қаптар мен жабыс­тырғыш таспа тәркіленді. Жігіт интернет арқылы есірткі заттарын сатып алып, үйінде ұсақ пакеттерге салып, таспамен шағын бумаларға ораған. Оны қаланың әртүрлі жерлерінде жасырғаннан кейін фото дерегін сатып алушыларға жіберіп отырған.

Тәркіленген заттарға жүргізілген сараптама қорытындысына сәйкес алынған зат 200 грамнан асатын психотроптық есірткі екені белгілі болды. 
Күдіктіге қатысты Қылмыс­тық кодекстің 297-бабы «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button