Жаңалықтар

Есірткі тасымалдаған ер адам ұсталды

«Қарасор» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында және нашақорлыққа қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын орындау мақсатында Қарағанды қаласы Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 27 жастағы ер адамды ұстады. Күдікті полцейлерге ерекше иісті құрамында ақ ұнтақ заты бар 40 пакетті өз еркімен тапсырған.

Сараптама қорытындысына сәйкес, жалпы салмағы 25,67 граммды құрайтын бұл зат психотроптық есірткі болып шыққан.
ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы «Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды өткізу, жөнелту немесе өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button