Бас тақырып

Ертеңнен бастап ел пойыздарында интернет пайда болады

Заманауи спутниктік технологиялар арқылы пойыздарда ғаламторға қолжетімділікті қамтамасыз ететін пилоттық жоба іске қосылады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті. 

Сурет: : rail-news.kz

Белгілі болғандай, бұл қызмет ең алдымен жолаушылар арасында танымал бағыттардың бірі № ¾ «Астана-Алматы» пойызында жүзеге асырылмақ.

— Заманауи спутниктік технологияларды пайдаланып, пойыздарға ғаламтор қосу мүмкіндігі жоспарлануда. Бұл жолаушыларға сапар барысында WhatsApp, YouTube секілді қосымшаларды еркін пайдалануға және бейнемазмұндарды көруге мүмкіндік береді. Алайда, торренттер мен файлдарды жүктеу сайттарына шектеу қойылатын болады. Жобаның техникалық қолдауын Қазақстандағы OneWeb-тің ресми серіктесі Jusan Mobile жүзеге асырады, — делінген ұлттық тасымалдаушы компанияның хабарламасында.

Ғаламтор қызметімен қатар, жоба аясында жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту және пойыз бригадасының жұмысын оңтайландыру үшін бірқатар заманауи технологияларды сынақтан өткізу көзделіп отыр. Олардың ішінде:

  • Билеттерді жылдам және ыңғайлы тексеруге арналған жолсеріктердің мобильді құрылғылары;
  • Вагон-мейрамханаларда қолма-қол ақшасыз төлем жасауға мүмкіндік беретін POS-терминалдар;
  • Қауіпсіздік деңгейін арттыру және қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету үшін пойыз басшыларына арналған бейнетіркеуіштер;
  • Вагондардағы жағдайды бақылауды күшейту үшін орнатылатын бейнебақылау жүйелері.

Бұл пилоттық жоба Қазақстанның өзге бағыттарында ғаламтор қызметін дамытуға ықпал етеді.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button