Ерлан Төлеутай халықаралық кинофестивальде «Үздік актер» атанды
Қырғызстан астанасында өткен III-Бишкек халықаралық кинофестивалінде қазақстандық актер Ерлан Төлеутай жеңіске жетті. Ол режиссер Елзат Ескендірдің «Әбіл» атты фильмінде басты рөлді сомдап, «Ең үздік актер» жүлдесін жеңіп алды.

Фильмдегі рөлі арқылы актер көрерменге терең әсер қалдырып, халықаралық қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Қазылар алқасының құрамында Франция, Италия, Германия, Нидерланды және Бангладеш елдерінен келген кино мамандары болды.
Қазылар алқасына ARTE France Cinema компаниясының директоры Оливье Пере жетекшілік етті. Сонымен қатар, құрамда атақты италиялық кинопродюсер Паола Марина Спина, Дака кинофестивалінің директоры Ахмед Мұстаба Замал, Германиялық Cottbus кинофестивалінің директоры Бернд Будер және Роттердам кинофестивалінің кураторы Евгений Гусятинский болды.
Марапатты арнайы Паола Марина Спинаның өзі табыстады.
Бұл — қазақ киносының халықаралық деңгейде танылып, бағаланып жатқанының жарқын дәлелі.
Құтты болсын, Қазақ елі!
Аида РАХЫМҚҰЛОВА