Жаңалықтар

Ерекше балаларға арналған қайырымдылық акциясы өтті

Наурыз мерекесі қарсаңында Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі «Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі» КММ қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ерекше балаларға арналған «Наурыз – мереке, Наурыз – береке» атты қайырымдылық акциясы өтті.

Сурет: шараны ұйымдастырушылардан

Жалпы бөлімшеде 156 мүгедектігі бар (ерекше) балаларға әлеуметтік қызмет көрсетіледі. Акцияға 40 ерекше балалар мен ата-аналары шақырылды.

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін қарсы алу рәсімдерін көрсете отырып, қазақ халқының салт-дәстүрін, әдеп-ғұрпын балалардың санасына сіңіріп, ұлттық қасиеттерге баулу, ынта, зейін, есте сақтау қабілеттерін дамыту мақсатында ұйымдастырылған шарада

мерекелік дастарханнан бөлек әлеуметтік қызметкерлердің қолдарынан жасалған ұлттық тағамдардан фуршет дайындалды. Ал, концерттік бағдарламада республикалық байқаулардың жеңімпаздары, қызмет алушы балалар Ерболат Аяжан мен Жакишева Нурсана мың бұрала би билесе Тюрина Анастасия әлеуметтік қызметкер Тоғжан Оспанованың жетекшілігімен арнайы Наурыз мейрамына дайындаған әнін шырқады.

Әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсету барысында би үйірмесінен қалдырмай ертіп жүрген биші қыздардың бұл жетістіктеріне әлеуметтік қызметкерлердің де үлесі зор.

Акция барысында «Әлқисса №1» театрының әртістері мен «Шолпан шоу» ансамблінің бишілер тобы, эстрада жұлдызы Ахметқожа Мәди, Дубовка балалар өнер мектебінің оқушылары Рымтаева Айдана, Әлім Рамазан, әнші Ерден Марат ән мен биден шашу шашты. Шара соңында балаларға сыйлықтар таратылды.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button