Жаңаарқа

Ердің ісі – еліне

    Жаңаарқа ауданының прокуроры Асылхан ӘДІЛХАНОВ былтыр ауыл тұрғындарымен кездесіп, көмекке мұқтаж 5 отбасының әрқайсысына 6 тоннадан көмір түсіріп берген болатын. Сондай-ақ, жыл сайын осындай көмек көрсетуге сөз берді сол кезде прокурор.

Міне, биыл да Асылхан Қапиятұлы сөзінде тұрып, ауылымыздағы 7 отбасыны 35 тонна көмірмен қамтыды. Көмірдің әр үйге толығымен жеткізілуін қадағалап, ауылға келіп кетті.

Қарапайым, халыққа жақын прокурор тұрғындармен кездесіп, олардың мұң-мұқтаждарын тың­дап, әрдайым оларға қолдау көрсетуге уәде берді.

Тұрғындармен кездесуде аудан прокуроры теледидарға мұқтаж болып отырған жалғызбасты ауыл азаматшасына өз атынан көмек ретінде теледидар әперетінін және ауылымыздың бір азаматшасын жұмысқа орналасуға ықпал ететінін айтты.

Аудан  прокурорына қарапайым халыққа қарайласып, қол ұшын созғаны үшін алғысымызды білдіреміз.

Р.РАХИБАЕВА, К.ОРДАБАЕВА, Т.ӘБІЛОВ, Қ.ДАЙРАБАЕВ, Г.БАЛАҒАЗИНА,

А.ТҰРҒАНБАЕВА, Г.БАЙТҰРСЫНОВА,

Ералиев ауылының тұрғындары.

ЖАҢААРҚА ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button