«Ер есімі – ел есінде» акция-шеруі өтеді
Биыл аймақта жыл сайынғы «Ер есімі – ел есінде» акция-шеруі batyrlargatagzym.el.kz порталында онлайн режимінде өтеді. Бұл жерден облыс тұрғындары Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ардагерлер жайында толық ақпарат ала алады.
Айта кетейік, Қазақстанда мұндай акция алғаш рет 2020-2021 жылдары, карантиндік шектеулер кезінде өткізілген. Содан бері бұл порталды қазақстандықтар кеңінен қолданып, белсенділік танытты. Биыл 9 мамырда Қарағандыда өтетін онлайн-шеруге осы портал арқылы онлайн қосыла алады.
Және де соғысқа қатысқан туған-туыстарыңыздың аты-жөні порталға енгізілмей қалған жағдайда, оны өзіңіз енгізе аласыз. Ардагердің толық аты-жөнін, суреті мен қызметін толтырып жіберсеңіз болды.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz