Ер – ел есінде
Кеншілер қаласындағы «Қазақстан» спорт-сауықтыру кешенінде майдангер Түсіпбек Молақов атындағы жүлде үшін шахматтан жарыс өтті. Оған қатысушыларға қала әкімінің орынбасары Айгүл Төлендина сәттілік тіледі.
Өткен ғасырдың басында «Байқоңыр» аулында дүниеге келген Түсіпбек Молақов Ұлы Отан соғысы басталғанға дейін көмір кенішінде забойшы, ауысым және шахта бастығы, партком хат- шысы және кеніш директоры болды. Беларус майданында соғысып, ерлігі үшін екінші дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» ордені және «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. 1945-49 жылдары Қарсақбай аудандық партия комитетінде нұсқаушы, 1949-53 жыл- дары «Қызыл әскер» ұжымшарында төраға, 1953-79 жылдары Жезқазған кенметаллургия комбинатының «Покро» шахтасында шаруашылық басшысы болды. 1995 жылы 22 желтоқсанда 94 жасында өмірден озды.
Шаршы тақта үстіндегі «шайқаста» Т.Сәдуақасов алдына қара салмады. А.Бабин екінші орынды иеленді. М.Молдағалиев үшінші орын алды. 9 жастағы В.Гудовщиков – «Ең жас ойыншы», С.Қожахметов «Ең ересек ойыншы» атанды.
Бұл жарысты өткізуге «Қазахмыс» компаниясының ардагерлер кеңесі мен Түсіпбек атаның әулеті демеуші болды.
Әлібек ӘБДІРАШ.
СӘТБАЕВ қаласы.