Ер қадірін білген ел
Арқа журналистерінің ардақты ұстазы, ақсақалы, академик Зарқын Тайшыбайға «Солтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы» атағы берілді. Абыройлы атақ Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының шешімімен берілді.

Зарқын Тайшыбай – Арқадағы журналистика мектебінің қалыптасуына зор үлес қосқан қадірлі қаламгер. Шәкірттердің шоғырын тәрбиелеген ұлағатты ұстаз. Ол баспасөз саласында 60 жылдан астам уақыт еңбек еткен. «Қазақстан білім беру саласының Құрметті қызметкері», А.Байтұрсынов атындағы «Саңлақ автор» және, «Қазақ тілінің жанашыры» төсбелгісімен марапатталған. «Қазақстанның Құрметті журналисі», Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері.
Мәслихат төрағасының шешімінде «Ұрпақ тәрбиесіне сіңірген зор еңбегі, белсенді қоғамдық қызметі үшін еңбек ардагері Зарқын Сыздықұлы Тайшыбайға «Солтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы» атағы берілсін» делінген.
Ерік НАРЫН,
«Ortalyq Qazaqstan»