Бас тақырып

Ендігі мақсат – Олимпиада алтыны

Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Париж Олимпиадасына іріктеу турнирі аяқталды. Бұл турнирде қазақстандық боксшылар Париж олимпиадасына қатысуға лицензия жеңіп алды.

Сурет: olympic.kz сайтынан

Жарыс қорытындысы бойынша бес боксшымыз лицензияға қол жеткізді. Бұған дейін өткен жазғы Азия ойындарында Қазақстан командасы өкілдері екі квота еншілеген еді.

Қазақстан ерлер командасы мүмкін болған жеті жолдаманың алтауына қол жеткізіп отыр.

51 келіде – Сәкен Бибосынов, 57 келіде – Махмұд Сабырхан, 71 келіде – Асланбек Шымбергенов, 80 келіде – Нұрбек Оралбай, 92 келіде – Айбек Оралбай және +92 келіде Қамшыбек Қоңқабаев.

Ал, әйелдер арасында тек 57 келіде жұдырықтасқан Карина Ибрагимова ғана жалғыз жолдама иеленді.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button