Жаңалықтар

Енді балалар TikTok желісін күніне тек 1 сағат пайдалана алады

18 жасқа толмаған балалардың TikTok желісін пайдалану уақыты шектеледі. Бұл туралы TikTok-тың ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды ortalyq.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Жақын арада 18 жасқа толмаған қолданушылардың TikTok желісінде отыру уақыты қысқарады. 

– Енді 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер желіде күніне 60 минут қана отыра алады. 1 сағат өткеннен кейін арнайы құпиясөзді сұрайды. Егер баланың жасы 13-тен кіші болса, TikTok желісін 1 сағаттан ұзағырақ көру үшін құпиясөзді ата-анасы жазуы керек болады. Бұл жағдайда әлеуметтік желі қосымша 30 минут көруге рұқсат береді, – делінген хабарламада. 

Сонымен қатар балаға жауапты адам күніне қанша минут шектеу керегін өзі енгізуге мүмкіндігі бар.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button