Ресми

Еліміздегі үздік баспасөз хатшылары кімдер?

Өткен жыл елімізде түрлі оқиғаларға толы болды. Қайғылы оқиғалар кезінде қоғам ашықтықты талап ететіні рас. Осындай кезде өңірлік баспасөздің кәсібилігі сынға түседі. Осы ретте, Newsroom.kz порталы облыстар мен Республикалық маңызы бар қалалардың баспасөз хатшыларының рейтингісін жасады.

Фотоколлаж: newsroom.kz

Қарағанды облысы әкімінің баспасөз хатшысы Марина Шаповалова, жыл қорытындысы бойынша үздік үштікке кірді. Рейтинг көрсеткіші ретінде баспасөз хатшыларының кері байланыс орнатуын, әлеуметтік желілердегі белсенді ақпарат таратуын, ресми сайттар мен БАҚ-тағы жарияланымдар мазмұнын ескерген. Осы тұста өңірлік бақ-пен облыс әкімдігінің арасын сәтті жалғап, тиімді өзара іс-қимыл жасай алатын Марина Шаповалованың еңбегі бар екенін айта кету керек.

Марина Шаповалованың жұмысының арқасында журналистер ақпаратқа кедергісіз қол жеткізе алады, сондай-ақ қызықтырған сұрақтарға жедел жауап алу мүмкіндігіне ие.

Үздік үштіктің басында Түркістан облысы және Астана қаласының баспасөз хатшылары тұр.

Әділет ШОПЕН.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button