Жаңалықтар

Елімізде жаңа мереке пайда болады

Елімізде 15 сәуір күні Мемлекеттік қызметкерлер күні аталып өтеді, деп хабарлайды ortalyq.kz Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.

Үкіметтің тиісті қаулысы Ашық НҚА порталында орналастырылған.

Түсіндірме хатта қаулы жобасын іске асыру қаржылық шығындарды қажет етпейтіні айтылған.

– Бүгінгі күні мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби мерекесін тойлауға мүмкіндік жоқ, оның тізімге енгізілуі өзін кәсіби қоғамдастықтың бір саласына жататынын сезінуге мүмкіндік береді, сонымен қатар корпоративтік мәдениеттің одан әрі дамуына ықпал етеді,- делінген хабарламада.

Халыққа қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің еңбек ұжымы Астана, Алматы, Шымкент және түрлі облыстарда жұмыс істейді. Қазақстандағы мұндай қызметкерлердің саны 20 мыңнан асады.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button