Жаңалықтар
Елімізде жаңа кәсіби мерекелер пайда болады
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Кәсіби мерекелердің тізбесін бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізеді. Құжат Ашық НҚА порталында жарияланды.

Атап айтқанда, тізімді алты жаңа кәсіби мерекемен толықтыру ұсынылады:
- Қазақстан кәсіпкерлері күні;
- Қазақстан қолөнершілер күні;
- Табиғи монополиялар саласы қызметкерлерінің күні;
- Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет қызметкері күні;
- Адам ресурстары күні;
- Қоғамдық тамақтандыру қызметкерлерінің күні.
Сондай-ақ Энергетиктер күнін мерекелеу күнін желтоқсанның үшінші жексенбісінен 22 желтоқсанға ауыстыру жоспарлануда.
Құжат 12 маусымға дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА веб-сайтында орналастырылған.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА