Жаңалықтар
Елімізде несиесін төлей алмай жүргендер саны күрт көбейді
Банк алдындағы берешегін төлемей жүргендер көбейді.
Ұлттық банктің мәліметінше, қазір жеке азаматтардың қарызы 8 трлн 200 млрд теңгеге жеткен. Былтырдан бері алты жарым пайыз, яғни 500 миллиардқа көбейіп отыр.
Qazaqstan.tv-ның дерегінше, тұтынушылық несие алушылардың көпшілігі – алматылықтар. Одан кейін Астана мен Шымкент тұрғындары алған. Қарызын 90 күннен кешіктіріп төлемей жүргендер де көбейген. Мерзімі өткен мұндай несие көлемі жыл басынан бері 49 миллиардқа артып, 404 млрд теңгеге жетті.