Елімізде киік аулау мерзімі нақтыланды
Экология және табиғи ресурстар министрлігі аң аулау қағидаларына енгізілетін өзгерістер жобасын әзірлеп, құжатта жыл сайын киік аулауға рұқсат етілетін мерзімін көрсетті. 2024 жылдан бастап 1 қазан мен 15 қараша аралығы киік аулау мерзімі болып бекітілмек. Тиісті бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Биыл Қазақстанда киіктердің санын реттеу туралы Экология министрінің бұйрығы 6 қазаннан бастап күшіне енді. Министрліктің көктемгі әуе есебі бойынша мәліметінше, Қазақстандағы киіктер саны 2 млн-ға жуықтаған.
Осы ретте киіктердің оралдық популяциясын 20 пайызға, бетпақдалалық популяциясын 15 пайызға қысқарту жөнінде шешім қабылданды.