Бас тақырып

Елімізде көп балалы отбасыларға салық жүктемесі азайтылады

2025 жылдың қаңтарында Қазақстанда көп балалы отбасыларды қолдауға бағытталған жаңа норма қабылданды. Атап айтқанда, ол ата-аналарға отбасы бюджетіне салық жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді және төрт және одан да көп балалы отбасылардың әл-ауқатына оң әсер етеді.

Сурет kaz.orda.kz

Көп балалы отбасы үшін салық шегерімі күнтізбелік жылға белгіленген 282 АЕК-тен (2025 жылы – 1 108 824 теңге) аспайтын мөлшерде екі ата-анаға жиынтығында мынадай тәртіптердің бірінде қолданылады:

1) көп балалы отбасының ата-анасының біреуіне әр ай үшін 23 АЕК (2025 жылы – 90 436 теңге);

2) көп балалы отбасының әрбір ата-анасына әр ай үшін 12 АЕК (2025 жылы – 47 184 теңге) мөлшерінде.

Салық шегерімі шегерім қолданылған күнтізбелік жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар екенін растау үшін балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелерін ұсыну қажет.

Салық жеңілдіктерін алу үшін құжаттар жергілікті салық органдарына немесе жұмыс орны бойынша кадр қызметіне – салықтық шегерімге өтініш беріледі.

Осылайша, көп балалы отбасылар үшін салық жүктемесі төмендейді.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button