Жаңалықтар

Елімізде докторантура грантын иеленгендер тізімі жарияланды

Ұлттық тестілеу орталығы 2023-2024 оқу жылы бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында PhD докторларын даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының қорытындысын жариялады.

Сурет: Ашық дереккөз

Тізімге 49 білім беру мекемесі енген. Олардың қатарында республикалық және аймақтық университеттер бар. Жалпы орын саны – 712, оның ішінде нысаналы орын – 107.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде докторантураға түсуге арналған конкурсқа қатысу үшін шекті балл – 75.

2022 жылдан бастап докторантураға түсу үшін шет тілін білу туралы сертификатпен қатар ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгергенін растайтын сертификат ұсыну қажет.

Гранттар тізімін мына жерден көруге болады.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button