Жаңалықтар

Елімізде бір аптада 2817 қылмыс тіркелген

ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек өткен аптада тіркелген қылмыс статистикасын атады, деп хабарлайды ortalyq.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Шұғыла Тұрлыбектің айтуынша, өткен аптада республика бойынша 2800-ден астам қылмыс тіркелген.

– Бір апта ішінде 2817 қылмыс жасалды. Оның 1696-сы тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері ізін суытпай 10 кісі өлтіруді, 5 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 1 қарақшылық, 25 тонау және 417 мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты, – деді ол министрліктің кезекті брифингінде.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button