ЖаңалықтарРесми

Елімізде Қазақстан, Егемен, Тәуелсіздік есімді қанша адам бар?

Елімізде Қазақстан, Егемен, Тәуелсіздік есімді қанша адам бар екені белгілі болды, деп хабарлайды Ortalyq.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Сурет: otyrar.kz сайтынан

Ұлттық статистика бюросының «Мен сияқты неше адам бар?» бөлімінде аттас адамдар тізімін табуға болады. Мәселен, елімізде Казахстан есімді 24, Қазақстан есімді 7 және Казакстан есімді 3 адам бар.

Ал, Егемен есімді 25 адам бар. Олардың үшеуі 31 жаста. 

Тәуелсіздік есімді бір адам бар, ол – Жетісу облысының тұрғыны.

Елімізде 14 285 Азат, 23 Бостандық пен 3922 Еркін бар. 

Бір қызығы, 1991 жылғы желтоқсанда ұлдар арасында Нұрсұлтан (Нурсултан), Александр, Азамат сынды есімдер танымал болса, ал қыздар арасында Анастасия, Әйгерім, Айдана есімдері жиі қойылған.

Сондай-ақ Қазақстанда Елбасы есімді 66 адам, ал Қасым-Жомарт есімді 173 адам бар.

Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button