Жаңалықтар

«Елге елеулі өзгеріс үшін…»

Қарағанды қаласындағы №61 Референдум учаскесінде қас қарайса да белсенділік бар. Біз бұл учаскеден облыстық мәслихат депутаты, спорт жанашыры Ерден Халилин мырзаны кезіктіріп қалдық.

Сурет автордан

– Елімізде атом электр стансасы құрылысына қатысты референдум өте белсенді өтіп жатыр. Тәуелсіз еліміздің азаматы ретінде, мен де өз таңдауымды жасап, дауыс бердім. Бұл – ел тарихындағы үлкен өзгерістің алғашқы қадамы. Әлемнің алдыңғы қатарлы елдерімен тең болып, ішкі-сыртқы экономикамыздың, білім мен ғылымның дамуы жолында Еліміздің болашағы үшін жасалған нақты қадам деп білемін, – дейді Ерден Балтабайұлы.

Аталған учаскеге тиістілердің жасы үлкені де, кішісі де қалыс қалмай, жарқын болашақтары үшін уақытын қиып, таңдауларын жасауда. Осылайша, маңызды міндетке жүйелі жауапкершілік танытты.

Қасымхан БҮРКІТҰЛЫ

Басқа материалдар

Back to top button