Елеулі орында – еңбек адамының мүддесі
«Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңның қабылдануы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Кәсіподақтар қозғалысы бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу еркіндігі барлық заңнама нормалары мен талаптарын іске асыруға және қатысушылар мен олардың төңірегінділердің қауіпсіздігі шараларын сақтау үшін қажет. Бұл заң жобасы басым сипатта демократиялық бағытқа ие екенін айту керек.
Сондай-ақ, жұмыс берушілер мен кәсіпорын қызметкерлері өкілдерінің арасындағы әлеуметтік-еңбек әріптестігін реттей отырып, еңбек жанжалдарының алдын алуға болады. Кәсіподақ көшбасшылары еңбек ұжымдары ішіндегі процестерді бақылауда ұстауы және уақытылы алдын алу шараларын қабылдауы тиіс. Алайда, жағдай күрделене түссе, жұмысшылар тарапынан ескерту шараларын жүргізу тәртібін заңды түрде қарастырған абзал. Мұндайда мәселені өндіріс үдерісін тоқтатпай, жедел шешу маңызды.
Бүгінде еңбекшілер үшін әлеуметтік кепілдіктерді іске асыру жайы – өзекті. Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы кезең-кезеңімен мемлекеттік деңгейде еңбекақы төлеу жүйесін реформалау, жалақыны тұрақты индекстеу, түрлі салалардағы өндірістік тәуекелдерді алдын ала басқару тәрізді проблемаларды көтеріп келеді.
Жалақы төлемдерін қалыптастыру жүйесі неғұрлым ашық және бірыңғай тәсілде болуы тиіс. Қарағанды облысының Кәсіподақ орталығы ең төменгі жалақы мөлшерін арттыру және оны индекстеу нормаларын, әртүрлі әлеуметтік төлемдерді заңды тұрғыда бекіту қажеттігін атап өтті. Бұл әлеуметтік-еңбек жанжалдарының алдын алу мен реттеуде, даулы мәселелерді шешуде медиацияны қолданумен өзара байланысты.
Құрамына Кәсіподақтар федерациясының өкілдері кіретін жұмыс тобы әлеуметтік саясатты іске асыру бағытындағы жаңа тәсілдерді әзірлейтін болады. Одан бөлек, жергілікті жерлердегі кәсіподақтардың жұмысын жандандыру еңбек адамының мүддесін қорғауда тиімді әлеуметтік әріптестік үшін жағдай жасайды.
Осы орайда, «Бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заң жобасы халықаралық нормаларға сәйкес келетінін атап өту қажет. БҰҰ Бас Ассамблеясының 1948 жылғы №217 қарарымен қабылданған Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясында, халықаралық еңбек ұйымының 1948 жылғы «Бірлестіктер еркіндігі және кәсіподақтарға бірлесу құқығын қорғау туралы» №87 Конвенциясында «әр адамның бейбіт жиналыстар мен қауымдастықтар бостандығына құқығы бар, ал, бейбіт жиналыстар бостандығы дегеніміз – митингтер, пикеттер, демонстрациялар өткізу құқығы» делінген. Бұл жердегі әңгіме – билік пен қоғамның тұрақты диалогы, мемлекет пен азаматтардың өзара сенімі туралы болып отыр. Тек тұрақты сындарлы диалог пен адамдарды толғандыратын мәселелерді шешу ғана әлеуметтік жаңғыртуды жаңа әрі сапалы деңгейде іске асыруға, еліміздегі бірлікті нығайтуға мүмкіндік береді.
Татьяна ШАТОХИНА,
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Қарағанды облысының Кәсіподақтар орталығы төрағасының орынбасары.