Рухани жаңғыру

Елдік пен мемлекетшілдік тұғыры

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына үш жыл

Елбасы Н.Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде жарияланған «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына міне тура үш жыл толды. Үш жыл деген аз да, көп те уақыт емес. Алайда осы үш жылды зулаған уақыттың өлшеміне салмай, атқарылған жұмыстардың салмағына салатын болсақ, әңгіме бір басқа.

 

Қазіргі жаһандану дәуірінде ұлттық болмыс, ұлттық бірегейлікті сақтап қалу аса өзекті мәселе. Осына жоталы тақырып ұлт көшбасшысын, ел қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдерін, дүйім жұртты әркез толғандырып келеді. Ол егемен еліміздің ертеңі еңселі, тәуелсіздік тұғырының асқары болуында атқарылар келелі де кемел істердің бағыт-бағдарын сарабдалдықпен айқындап, парасатпен пысықтап отыруымызға мүмкіндік береді.

Қазіргі заманауи технологиялық үрдістер жедел қарқын алған ұшқыр уақыт талабы ұлтымыздың рухани кемелділігі мен қоғамдық жаңғыруына қажетті жаңашыл үлгіні тез қабылдап, ой-өрісімізді үнеміұштауды қажет етеді. Кезінде Алашардақтысы Әлихан Бөкейхан «Заманнан қалған адам – өлген адам, заманнан қалған қоғам – өлген қоғам» деп айтқан болса, бүгінгі рухани жаңғыруды еліміздің қай салада болмасын өркендеуімен сабақтастықта қарастыруымыззаңдылық. Ол түптеп келгенде елдік сана, мемлекетшілдік ұстанымымыздағы тарихи сабақтастықты жаңғыртуға тың серпіліс бермек.

«Мен еліміз мықты, әрі жауапкершілігі жоғары біртұтас ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынымыз және бұқаралық сананы қалай өзгертетініміз туралы көзқарастарымды ортаға салуды жөн көрдім», деп атап көрсеткен Елбасы ұлт болып ұйысып, ел болып қолға алар міндеттерді ортаға салды.

Саяси сарабдалдық, терең реформаторлық пайымымен «Рухани жаңғырудың» «Бәсекелік қабілетПрагматизмҰлттық бірегейлікті сақтауБілімнің салтанат құруыҚазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуыСананың ашықтығы» сипатындағы ең басты алты қағидатын атап көрсетті. Міне, қазақ елінің өркениет жолымен өркендеп, жаңа сапалық мазмұнда жаңғыруын айқындап берген алты бағыт – алты Алаш баласының алдыңғы қатарлы елдің санатында болуына қол жеткізетін алтын кілті болмақ. Мақалада айтылғандай: «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай». Сондықтан да ұлттық ерекшелігімізді жоғалтпай, қазақы қасиетімізден арылмай, тектілік тамырынан нәр алып рухани кемелдену – әр қазақтың борышы, ұлттың міндеті.

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында зерделенген әр бір қағидат болашағымызды терең салмақтап, бүгінгі істеріміздің баяндылығын ақыл таразысымен байыптауға ой салуда. Мәселен, прагматизм хақындағы Елбасының «Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз»деген түйінді толғанысының қазіргідей өлара тұстағы өзектілігі біздерді бей-жай қалдырмайды. Ас та төк ысырапшылдықтан, орынсыз сән-салтанаттан арылып, қайта қанымызда бар қасиеттерді тірілтіп, жанұяның жылылығын, отбасылық құндылықтың қымбат екенін сезініп, сабырлық пен ұстамдылық, қанағатшылдық пен қарапайымдылық, үнемшілдік пен дұрыс жоспар құруды орынды пайдалану керектігін уақыттың өзі дәлелдегендей. Ең бастысы ел болып, әлем болып #Бізбіргеміз деп, балталаса бұзылмас бірлік пен елдік үлгісін көрсетіп жатқан халқымыздың қажыр-қайратына демеу болу парызмыз екенін түйсінгеніміз жөн.

Рухани жаңару мен жаңғырудың мемлекеттік маңызы зор басым бағыттарының бәсекеге қабілетілік, білімнің салтанат құруы, сананың ашықтығы сынды түйінді мәселелерімен өзара сабақтастықта алынуы Елбасы мақаласының өміршеңдігін, болашақты терең болжаған саяси сарабдалдығына тәнті етеді.

Елбасының: «Бәсекелік қабілет дегеніміз – ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы. Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады», деген толғанысының көкейкестілігін қаперде ұстаған абзал. Бұл ретте отаншылдық пен елшілдік қасиеттерімізді еселуге қуат беріп отырған «Туған жер» бағдарламасыәр қазақты өзінің туған жері мен туған елін қастерлеуге шақыратын бірегей бастама. Ал оның жауапкершілігін сезіну мен орындалуын әрбір азамат өзінің жеке басынан бастауы керектігі айдан анық.

Ұлттық бірегейлігімізді сақтап қалу– рухани жаңғырудың басты мақсаты.Сол үшін де бағзы бабалардан үзілмей жалғасып келе жатқан асыл мұра жауһар жырлар мен күміс күйлерімізді, әдеби мұраларымыздыұрпақ санасына сіңіріп отыру, ұлықтау қасиетті парызымыз.Бұл бағыттаоблыста жыл сайын көмекей әулие Бұқар жырау шығармашылығына арналған «Бұқарекең жырлайды» атты жыршы, жыраулар сайысы өтіп келеді. Жыр сайысының мақсаты – ұмытылып бара жатқан жыршылық өнер мен жыраулық дәстүрді дәріптеп, ұрпақ бойын қадіри-қасиетінше сіңіру. Осынау өнер сайысына өзге ұлт өкілдерініңқатысып, баба мұрасын жатқа айтуы ата дәстүріміз бен баба мұрасына деген құрметін көрсетеді. Ал Бұқар жырау ауданының Ботақара кенті мен Керней, Үштөбе ауылдарында ашылған «Бұқар жырау Қалқаманұлы атындағы жырш-жыраулар» мектебі, Ақтоғай ауданында тұсауы кесілген «Нарманбет Орманбетұлы атындағы жыршы-жыраулар» сыныбы кешегі Бұқар, Шортанбай, Нарманбет жыраулардан бері көркемдік арнасы үзілмеген жыраулық дәстүрді, Шашубай, Доскей, Болман ақындардан жалғасып келе жатқан ақындық өнерді үлгі етіп, дәріптеуге бағытталып отыр.

Елбасымыздың «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында атқарылған «Бабалар сөзі» жобасырухани өркендеуімізге, мәдени кемелденуімізге даңғыл жол ашып, ұлттық тарихи санамыз бен жадымызды дәстүр өзегімен жаңғыртуға серпін беруде. Жүз томдық асыл мұра ұлттық сөз өнеріміздің классикалық үлгісі болуымен де әлемдік рухани жауһарлар қатырынан лайықты орнын алуда. Еліміздің руханият өміріндегі осынау серпінді де ілкі істер Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың хакім Абайдың 175 жылдық мерейтойын атап өту туралы өкімімен жалғасын тапты.

Елбасы атап көрсеткен білімнің салтанат құруы түптеп келгенде қоғамды ізгілендіру, адам баласын мейірлендіру, ар-ұжданын ояту мұратынан туындайды. Адамзаттық гуманизммен тамырлас рухани құндылықтар жүйесіндегі білімді бәрінен биік қоятын ұлттың мерейі үстем болып, зор табысқа жетеді. Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет. Дана халқымыз ежелден білімді жоғары бағалап, «білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген болатын.

Биыл ұлы даламызда кіндік қаны тамған әлемнің озық ойшылы, ғұлама ғалымы, данышпан Әбу Насыр әл Фараби бабамыздың 1150 жылдығының аталып өтілуі де білімдінің бағасы биік екендігін және білімнің салтанат құруы уақыт төрінен ешқашан түспейтінін аңғартса керек. Фараби, Баласағұн, Абай, Шәкәрім даналығындағы «парасатты адам», «толық адам», «ар ілімі» сынды өміршең гуманистік тұғырнаманың дәстүр ұласуымен қазақ топырығанда жалғастығын тауып отыруы рухани жаңғыру бағдарламасының маңызын еселей түседі. Бұл орайда білім беруді дамытуға бағытталған «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық»жобасын ауыз толтырып айтуға болады. Қазіргі таңда гуманитарлық бағытта 77 оқулық қазақ тіліне аударылып, оның 47 баспадан шығып, Қазақстанның барлық жоғары оқу орындарына таратылды.

Сананың ашықтығы рухани жаңғыруды басты өзегі. Бәсекеге қабілеттіліккезінде Елбасы атап көрсеткенинтеллекуталды ұлт қалыптастырумен байланысты мәселе. «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ілім біл» деп арлы ұрпағын тәрбиелеген ата-балаларымыздың аманатын тұңғыш Президентіміз уақыт талабында жаңғыртып отыруы да кемеңгерлік қасиеті деп білеміз. Соның ішінде латын әліпбиіне көшу мақсатында елдік маңызы ерен жұмыстар жасалып жатқанын айту ләзім.

Мемлекетіміздің кемел болашағын айқындап берген бағдарламалық мақаладағы идеяларды соның ішінде«Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы» жолындажұрт болып жұмылып, ұлтболыпұйысумен алға қойған мұрат-мақсатқа жетуде абыройлы еңбек ету – баршамыздың борышымыз.

Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы Қазақстанның стратегиялық дамуының басым бағыттарын айқындап берген мемлекеттік маңызы зор құжат. Ол туған жеріміз бен еліміздің өткен тарихын, халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеуге шақырады. Аталған бағдарламалық мақаладағы Елбасының «Біз халықтың санасына жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіруіміз керек. Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі бізді кез келген рухани жұтаңдықтан сақтап қалатын символдық қалқанымыз, ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы және бірегейлік негіздерінің басты элементтерінің бірі» деген толғанысы да біздердің туған өлке тарихы мен мәдениетін, табиғаты мен қасиетті жерлерін қастерлеудегі жауапкершілігімізді еселейді. Облысымызда Ұлытау ауданында Алаша хан, Жошы хан кесеңелерінің қайта қалпына келтірілуі, «Ұлытау» кешенінін қолға алынуы, «Жезкиік» халықаралық этнофольклорлық фестивалінің өтуі рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асырудағы игі қадамдар.

Иә, Тұңғыш президентіміздің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы жарық көргеннен бергі үш жыл уақытта Республика бойынша 93 мың іс шара өткізіліпті. Бір ғана «Туған жер» арнайы жобасы аясында 2141 әлеуметтік маңызы бар нысаналар мектеп, балабақша, спорт және балалар аландары мен мәдениет обьектілері, медициналық мекемелер қайта жаңартылса, облысымыз бойынша да екі жүзден ден астам әлеуметтік маңызды нысана жөндеуден өтіп,жүзге тарта жаңа құрлысбой көтерді. Осының барлығы еліміздің игіліг үшін жасалып жатқан ерен еңбектер.

Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында өңіріміздің рухани, мәдени дамуына бағытталаған бірталай шаралардың жүзеге асып жатқанын атап өтуге болады. Жастардың патриотизімін оятып, туған елін сүйіп, жерін қастерлеп қорғауға дәріптеу мақсатында дәстүрлі түрде өтетін мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Ахметұлы Ташеневтің жүлдесіне арналғанаймағымыздың ақын, жазушылары мен өнер мен мәдениет қайраткерлері арасынан жүзден жүйрік шыққан «Жылдың үздіктері» анықталатын сайыстың орны ерекше.

Көктемгі төл мейрамымыз Наурыз қарсанында өтетін «Армысың, әз Наурыз» атты облыстық ақындар айтысы, дәстүрлі ән өнерін насихаттайтын Жүсіпбек Елебеков және Мәди Бәпиұлы атындағы әншілер байқауы, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, дауылпаз ақын Қасым Аманжоловтың шығармашылығына арналған облыстық «Қасым оқулары», данышпан хакім Абай Құнанбайұлы шығармашылығына арналған «Абай оқулары» жыр сайыстары жас ұрпақтың баба мұрасын бойына сіңіріп, бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпалын тигізуде.

Күні кеше ғана қаламыздағы Ә.Ермекұлы атындағы №103 мектепте Әлімхан Ермекұлына арналған мұражайдың ашылуы, республикалық ғылыми коеференцияның өтуі оқушылардың бойындағы тұлғалық қасиетін дамытып, отаншылдық рухта тәрбиелеуде маңызы зор. Мұның бәрі өңірімізде рухани жаңғыру жобасы аясында атқарылып жатқанжұмыстардың ауқымдылығын, кең өрісті бағытынкөрсетеді.

Қорыта айтқанда, Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы мемлекетіміздің әлемдік дамудағы биік тұғырын айқындау жолындағы ұстанар алтын қазығы болып қала бермек.

 

Айтбай ЖҰМАҒҰЛ,

Қарағанды облысы «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің басшысы

Басқа материалдар

Back to top button