Жаңаарқа

Елдік мұрат – ізгі мақсат

     Елбасы биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында бүгінгі күнге өте маңызды он саланы санамалап айтып берді.

Өзекті мәселелердің барлығы оң өзгерістер мен дамуға бастайтын маңызды бағыттар. Елбасы бұл Жолдауында: «Жетінші басымдық – Қазақстандағы адам капиталының сапалы өсуі. Бұл ең алдымен, білім және денсаулық сақтау. Оқыту үдерісіне заманауи әдістеме мен технологияны енгізу, педагогикалық құрамның сапасын арттыру, біліктілікті растайтын тәуелсіз жүйені құру, жастар үшін білімге қолжетімділік аясын кеңейту керек», – деп атап көрсеткен болатын. Жолдауда Мемлекеттік қызметтің барлық саласын қамти отырып, Тәуелсіз Қазақстанды дамытудың, келешек  ұрпақ мүддесін қорғаудың нақты жолдарын ұсынып отыр.

«Білім – бір құрал, Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не істесе де келістіріп істейді»,– дейді Ахмет Байтұрсынов. Расымен де, егеменді еліміздің ең басты мақсаты – өркениетті елдердің қатарында болу, бүкіл әлемдік білім кеңістігінен орын алу, жас ұрпаққа білім беру, оқыту, ізгілікке тәрбиелеу болып табылады. Сондықтан да, мұғалім мәртебесі биікке  көтеріліп, білім мәселесіне жіті көңіл бөлуі қуанарлық жағдай. Айқын мақсат пен нақты міндеттің жүзеге асуына үлес қосу баршамыздың борышымыз.

Гүлнұр СТАМБЕКОВА,

Ғ.Жарылғапов атындағы

аграрлық колледждің

оқытушысы.

ЖАҢААРҚА ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button