Жаңалықтар
Елдің көп бөлігінде жауын-шашын күтілуде
Синоптиктер елде 4-6 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Қазақстан аумағының басым бөлігінде әлі де тұрақсыз ауа-райы сақталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды деп хабарлайды Ortalyq.kz kazhydromet.kz сайтына сілтеме жасап.

Хабарламада жауын-шашын, негізінен қар, бұрқасын, көктайғақ, екпінді жел күтілетіні жазылған. Сонымен қатар, тек еліміздің оңтүстік-шығысында ауа-райы негізінен жауын-шашынсыз болмақ. Республиканың солтүстік-батысы мен солтүстігінде түнде ауа температурасы 0-13 градус аяздан 5-25 градус аязға дейін ауытқиды.
Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.