Абай

Елдің игілігі

   «Стежок» ЖШС – мемлекеттің кәсіпкерлікті қолдау механизмдерін барынша тұтынатын жауапкершілігі шектеулі серіктестік. 2014 жылы мемлекеттік қолдау бойынша 3 млн. теңге көлеміндегі грантқа ие болған.

Бүгінде «Стежок» фирмасы жалпы құны 40 млн. теңгені құрайтын жылжымалы және жылжымайтын мүлікке ие. Кәсіпорын киім тігу бойынша заманауи техникалармен жабдықталған. Киім тігу бойынша лицензиялық бағдарламалық өнім сатып алған. Париждік әсем өнер академиясының сәнгерлерімен меморандумға қол қойған.

Жуырда қайта оқыту, тігінші және тігін құрал-жабдығының операторы секілді жаңа мамандық беру нәтижесінде оқу орталығы ашылды. Бұл орталық «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен облыстық білім беру басқармасынан аккредитациядан өткен. «Стежок» ЖШС оқу орталығы еңбек мамандарын қайта даярлау және жұмысқа орналастыру бойынша «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасына қатысып, 2016 жылы 32 адамды еңбекпен қамтамасыз етті. Биыл да жылдағы дәстүрінен жаңылмаған орталық «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында 40-қа жуық адамды оқытуды жоспарлап отыр.

«Стежок» ЖШС екі грант иегері – «Малюк И.М» ЖК және «Қызғалдақтай» ЖШС-мен ресурстарын біріктіре отырып, Абай қаласында «Абай тігін фабрикасы» жобасын іске асыруды жоспарлауда, осылайша кәсіпорынды қайта қалпына келтірмекші.

Жобаның басты мақсаты – болашақта Абай тігін фабрикасы брендімен түрлі тоқыма бұйымдары, күнделікті киім сұрыптамаларын дайындау және Абай тігін фабрикасы өндірістік кешенін қайта қалпына келтіру. Дәл қазіргі кезде 2-ші деңгейлі банктерден мемлекеттік қолдау желісі аясында несие алу мәселесі бойынша келіссөздер жүргізуде. Келешекте жаңа жұмыс орындарын ашып, ондағы еңбек адамдарының санын 150-ге жеткізу көзделуде. Мата мен жіп өндірісін есепке ала отырып, жұмысшылар санын 200-220 адамға дейін жеткізу жоспарлануда. Сондай-ақ, асхана, дәмхана, шаштараз және 250 адамға жуық қосымша жұмыс орны ашылатын болса, жолаушылар тасымалы қызметін ашу жоспарлануда.

«Стежок» ЖШС жапон үкіметі мен USAID гранттық қолдауын белсенді тұтынуда. Аталмыш гранттық бағдарламаларды жасыл энергетика (күн коллекторы және жылу насосы) негізінде фабрикадағы жылу жүйесінің қондырғылары үшін тарту жоспарда бар. Болашақта артық жылу энергетикасын есепке ала отырып, фабриканың барлық жұмысшыларына қызмет көрсетуге қауқарлы болатын шағын жылыжай кешенін ашу да жоспарда бар.

Гүлнұр ОҢАЛЫСҚЫЗЫ.

АБАЙ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button