Ресми

Елдестірмек елшіден

Кеншілер өлкесіне АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше жəне Өкілетті Елшісі Дэниел Розенблюм танысу сапарымен ат басын тіреді. Аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаевпен облыстың экономикалық ахуалы, білім беру саласындағы ынтымақтас тықты дамыту мүмкіндіктері жөнінде əңгіме өрбітті.

Ермағанбет Бөлекпаев

– Қарағанды облысы – индус триалды аймақ. Экономиканың негізін қара жəне түсті металлургия, тау-кен өнеркəсібі жəне машина жасау құрайды. Жыл басынан бері облыстың сыртқы сауда айналымы 2,5 млрд. АҚШ долларын құрады. Жергілікті өнім əлемнің 54 еліне, оның ішінде, АҚШ-қа экспортталады. Облыс аумағында американдық компаниялардың қатысуымен 6 кəсіпорын істеп тұр. Олар сауда, құрылыс, тау-кен өнеркəсібі, жылжымайтын мүлікпен операциялар, білім беру сияқты салаларда жұмыс істейді, – деді Ермағанбет Қабдулаұлы.

Аймақ басшысы бірлескен кəсіпорындар құру жəне шетелден инвестициятарту үшін қолайлы жағдайлар жасауға дайын екендігін атап өтті. Мұндай жобаларды іске асыру «Сарыарқа» АЭА жəне Saran индустриялық аймағының аумақтарында мүмкін екені де айтылды.

– Дипломатиялық сапарым барысында Қазақстанның барлық өңіріне баруға тырысамын. Облыстағы жағдаймен танысу үшін Қарағанды аймағына келдім. Экономиканың жай-күйі туралы мүмкіндігінше көбірек білгім келеді, – деді Дэниел Розенблюм.

Сонымен қатар, елші шағын жəне орта бизнесті дамытуға қызығушылық танытты.

– Шағын жəне орта бизнесті дамыту – басым бағыттың бірі. Біз барынша қолайлы жағдайлар жасаймыз. Бұл – əкімшілік кедергілерді азайту жəне мемлекеттік қолдау шаралары, жеңілдікті несиелер алу мүмкіндігі. Аймақтық қолдау бағдарламалары бар. Кəсіпкерлік субъектілерінің саны жыл сайын артып келеді. Жұмыс істеп тұрған өндірістер кеңейіп, жаңа кəсіпорындар ашылуда, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Елші аймақтың кейбір кəсіпорындарына баруды жоспарлап отыр. Бұдан бөлек, ол Н.Гоголь атындағы облыстық əмбебап ғылыми кітапхананың американдық бұрышына барып, ағылшын тілін оқитын студенттермен кездесу өткізді. Сондай-ақ, Даниэль Розенблюм кеншілер аймағындағы жоғары оқу орындарының ректорларымен де кездесті.

Жəлел ШАЛҚАР,
Суретті түсірген Жангелді ƏБДІҒАЛЫМ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button