Жаңалықтар

Елден жырақта берілген дауыс

ҚР Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауы аяқталуға жақын. Бұл күні ел тұрғындары ғана емес, шетелдегі Қазақстан азаматтары да елшіліктерге барып дауыс беретіні мәлім.

«Ortalyq Qazaqstan» газетінің тілшілеріне Түркияның Измир қаласында білім алып жатқан жастармен тілдесудің сәті түсті. Оның бірі – Қарағанды облысы Балқаш қаласының тумасы, шағын шаһардың №16 мектебінде білім алған Азыхан Мұхамедәли. Азыхан Измирдегі Китап Челеби университетінің 1 курс студенті. Ондағы 150 студент жиналып, Анкарадағы елшілікте дауыс берген.

 

– Бұл менің екінші рет сайлауға қатысуым. Екеуі де елден жырақта – Түркияда өтті. Алғашқысында – Ыстанбұлдағы консулдыққа барған едік, қазір Анкарадағы елшілікте өтіп жатыр.
Бұл жолғы ҚР Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауында партиялар өте көп екен, сонымен қатар жеке тұлғалардың да кандидат болғаны ұнады. Таңдаудың осылай көп болғаны келешегіміз үшін дұрыс қадам деп ойлаймын.
Измирдегі басқа студенттермен бірге ойнап-күліп, жеті-сегіз сағат жол жүріп дауыс беруге барғанымыз студенттік шақтан ұмытылмас естелік болып қалады. Кейін кәсіби маман болып елге оралғанда, болашақта елде болатын сайлауларға қатысқанда осы сәттерді сағынышпен еске алатын боламын, – дейді жас жігіт.

Назым ДҮТБАЙ,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button