Жаңалықтар

Елдегі жағдайға бірінші – Президент, екінші – халық жауапты

Сайлау – тарихи кезең. Былтырғы «Қаңтар оқиғасынан» кейін, елдегі жағдай күрт өзгерді. Соның ықпалы бар, одан бөлек, халық та өзгерісті талап етті.


Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың былтырғы «Жаңа Қазақстан: жаңғыру мен жаңару жолы» атты Жолдауынан кейін «Жаңа Қазақстан» деген ұғым пайда болды. Одан кейін реформаларды өткізу жайлы мәлімдеді.
Елімізде референдум өткіздік. Былтыр Ата Заңымызға, ҚР сайлау туралы заңға, тағы да басқа заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бүгін Парламент Мәжілісі мен мәслихаттарының сайлауын өткізіп жатырмыз. Бұл – елімізде жүйелі түрде реформалар жүріп жатқанының көрінісі. Сайлау соның дәлелі.
Әрине, халықтың үміті зор. Сайлау ашық түрде өтеді деп сенуде. Жаңа депутаттар, жаңа тұлғалар келеді. Олардың өз ұстанымы бар. Депутат болсам деген кез-келген адам елінің ертеңін ойлап, жақсы қылсам дейді. Елімізді көркейтсем деген үмітпен келеді. Сондықтан, бүгін халық белсенділік танытады деп ойлаймын. Бұл – екі жақты жол. Біріншіден – елдегі жағдайға Президент жауапты. Екіншіден – халықтың да жауапкершілігі жоғары. Ал, ол үшін жауапты қадамдар, жауапты іс-қиымылдар жасауға тиіспіз.
Өзгеріс бір күнде, бір айда, бір жылда бола қалмайды. Бірақ, соған қадам бүгіннен жасалуы тиіс. Біздің болашағымыз – жастар. Солардың белсенділігіне, сауатына, біліміне өте көп нәрсе байланысты. Сондықтан, осы тұрғыдан алғанда еліміздің болашағы жақсы болады деп сенемін.

Серік САНАУБАЕВ,
«Қарағанды облысының кәсіпкерлер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button