Бас тақырып

Елде көліктің алдыңғы терезесін қараңғылауға рұқсат берілмек

Алдағы уақытта елімізде көліктің алдыңғы терезесін қараңғылауға рұқсат берілмек. Ол үшін жүргізушілер рұқсат құнын, яғни, жылына 400 мың теңге төлеуі мүмкін. Бұл туралы мәжіліс депутаты Олжас Құспеков мәлімдеді, деп хабарлайды Ortalyq.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Сурет asahi.ru

Көліктің алдыңғы терезелерін қараңғылатуға қатысты ІІМ тыйымы әлі күшін жойған жоқ. Дегенмен әйнекті қараңғылауды заңдастыру талқыланып жатыр. Олжас Құспековтің сөзіне сүйенсек, елде 5 миллионға жуық автокөлік тіркелген. Ал, сол көліктердің тең жартысының жүргізушілері терезені қараңғылатуға келісіпті. Сонымен қатар, депутат көрші елдердегі тарифтерге де мысал келтірді.

– Рұқсат берілген жағдайда 2,5 миллион көлік иесі осы қызметті пайдаланса, бұл бюджетке жылына 1 трлн. теңгеге дейін пайда әкелуі мүмкін. Мәселен, Қырғызстанда терезені қараңғылатуға рұқсат жылына шамамен 415 мың теңге тұрады. Қазақстанда өмір сүру деңгейі жоғары екенін ескерсек, бұдан төмен баға күтуге болмайды. Көлік әуесқойларының арасында қалтасы көтермейтіндер бар екені анық. Мүмкін, автокөлік класы бойынша сараланған тариф қолданылуы керек. Бірақ, орташа есеппен алғанда сома бәрібір осы 400 мың теңгеден сәл артық немесе сәл аз болады. Қырғызстанда ай сайын төлеуге рұқсат береді. 400 мыңды 12 айға бөлсек, тариф қолжетімді, – деді депутат Олжас Құспеков.

Ал, бұдан түскен пайданы жолдарды жөндеуге немесе жаңа мектеп пен аурухана салуға жұмсауға болатынын айтты.

Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button