Жаңалықтар

Елде 15 мыңнан астам шетел азаматы еңбек етеді

1 мамырдағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 15 129 шетел азаматы еңбек етеді. Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер қатарына Қытай, Өзбекстан, Үндістан, Түркия  жатады, деп хабарлайды Ortalyq.kz еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта елімізде шетел жұмыс күшін пайдаланатын 1 746 жұмыс беруші бар. 

– Экономикалық қызмет түрлері бойынша көпшілігі құрылыс саласында – 5 317 адам (35%), ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 572 адам (10%), тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 443 адам (10%), кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 979 адам (7% ), өңдеу өнеркәсібі –  960 адам (7%)  жұмыс істейді – делінген хабарламада.

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер қатарына Қытай  (24%), Өзбекстан  (12%), Үндістан  (12%), Түркия  (10%) жатады.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button