Ел қорғанына – ерекше құрмет

     Приозерск қаласындағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс Күштерінің 60601 әскери бөлімінің құрылғанына 12 жыл толды. Осыған орай, салтанатты іс-шара өтті.

Салтанатты жиында қала әкімі Қайрат Қамзин әскерилер қауымын мерекемен құттықтады.

– Қазақстан әскері – мемлекетіміздің Тәуелсіздігі мен тыныштығының кепілі. Қазіргі заманда мықты армиясы бар мемлекет халқымыздың ертеңгі күніне сенім арттыратыны белгілі. Отанына адал қызмет ету – әрбір әскери қызметшінің қасиетті борышы, абыройлы ісі. Бар ғұмырын Отанын қорғауға арнап, қызметін мінсіз атқарып жүрген әскери қызметкерлерге алғыс білдіремін. Еліміздің тыныштығын сақтау жолындағы жауапты қызметтеріңіз табысты болсын, – деп тілегін білдірді. Сондай-ақ, Қайрат Қамзин 60601 әскери бөлімінің атына Алғыс хат табыстады.

Әскери бөлім командирі, подполковник Ерғали Шаханов та жеке құрамды атаулы күнмен құттықтады.

Салтанатты басқосуда әскери прокуратура, әскери полиция, Приозерск қалалық гарнизонының басшылары және басқа да әскери бөлім басшылары да жылы лебіздерін білдірді.

Салтанатты жиын барысында қызметінде ерекшеленген әскери қызметшілер Алғыс хаттар, мақтау қағаздарымен марапатталды.

Салтанатты іс-шара мерекелік концертпен аяқталды.

Қала әкімінің

баспасөз қызметі.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.