Ел дамуының негізі

     Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Өзекжарды ойлар» кітабында: «Ел көшін бастау – маған сын, мені қостау – елге сын, Мен үшін – елімді дамыған елдердің сапына тұрғызып, санатына қосудан үлкен мақсат жоқ», – деген болатын. Міне, осындай пайымдаулар Елбасының Жолдауларында, байыпты баяндамаларында, алқалы жиындар мен келелі кездесулердегі сөйлеген сөздерінде орын алған. Елбасы ұсынған «100 нақты қадам» Ұлт жоспары – жүздеген мемлекеттерге үлгі болатындай жан-жақты ойластырылған, жүйелі үйлестірілген айқын стратегиялық жоспар, ол қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгертуге және ілгерілетуге негіз қалауды мақсат етеді.

Өз басым елдің дамуы үшін жасалған осынау жоспарлы қадамның қазақ қоғамында заңның үстемдігін арттыру, қазіргі заманға лайық мемлекет құру, орнықты экономикаға бағытталған индустриялық елді қалыптастыру, сондай-ақ, елімізде болашағы жарқын, біртұтас ұйысқан ұлттың мекенін орнатуды көздейтін бағдар екенін айқын танып отырмын. Алысты болжай білетін сұңғыла саясаткер тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев ел басқару тізгінін қолына алғаннан бері барша қазақстандықтарға өзінің өлшеусіз қамқорлығын жасап келеді. Мұны әрқайсымыз да сезініп келеміз.

Елбасы Жолдаулары мемлекетіміздің алдағы дамуы мен халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталған, елдің келешекке бойын түзейтін даму жоспарлары. Жолдаулардың жалғасы ретінде үстіміздегі жылдың 5 мамыры күні өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы ел алдындағы күрделі мәселелерді шешуді тапсырды және осы кездесуде Қазақ елінің жарқын да, айқын болашағына бағытталған «100 нақты қадамын» жария етті. Бұл 100 нақты қадам – қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгертуге негізделген құжат.

Елбасы ұсынған кәсіби мемлекеттік аппарат құру, заңның үстемдігін қамтамасыз ету, индустрияландыру және экономикалық өсім бағыты, біртектілік және бірлік, есеп беретін мемлекетті қалыптастыру сынды бес институттық реформаны жүйелі жүзеге асыру тұрғысында жарияланған «100 нақты қадам» Ұлт жоспары Қазақстанның мемлекеттілігін нығайтуға, әрі күрделі кезеңнен сенімді өтуіне жол ашады.

Бүгінгі таңда ел игілігі жолындағы істерді еңсеруде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының мәні мен маңызы айрықша. Бес институционалдық реформаның өз дәрежесінде пайдаға асуы еліміздің биік белестерге шығуына ықпал етеді. Қазақ қоғамының тұрақтылығын қамтамасыз етуде тұңғыш Президентіміздің жүргізіп отырған сарабдал саясатын әрдайым қолдаймын. Ұлт жоспары елдің бірлігі мен ынтымақтастығын одан әрі дамытып, өркендететін халықтық реформа болып саналады. Сондықтан, мемлекет басшысы ұсынған 5 институционалды реформа еліміздің бұдан былай да қарышты қадаммен алға басуына септігін тигізері сөзсіз.

ҚР Мәдениет және спорт министрінің бұйрығына сәйкес, «Архив анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес, архив анықтамалары 15 күнтізбелік күнде орындалады. Сонымен қатар, кейбір азаматтарға анықтама беру үшін жұмыс істегені жөнінде екі немесе одан да көп мекемелердің құжаттарын көтеруге тура келетін жағдайлар болады. Сонымен бірге, бес жылдан көп мекемелердің құжаттарын көтеруге тура келетін жағдайлар болады және сондай-ақ, бес жылдан көп жылдардың мәліметтерін қарауды қажет ететін болса арызды қарау уақыты 30 күнге дейін созылады.Түскен сұраныстардың барлығының орындалуы қатаң қадағалауға алынған.

Арыздарды қараған кезде ешкімге артықшылық жасалмайды және олардың орындалуы туралы мәліметтер компьютерлік бағдарламаға кіргізіліп отырады. Ол туралы ай сайын есеп беріп отырамыз. Азаматтардың арыздарын қарау мәселелері бойынша арыз шағым болған жоқ және болдырмау жолында жұмыс жасап жатырмыз.

Біздің Елбасымыз айтқандай, қазақ халқы сан ғасырлар бойы өзінің Тәуелсіздігі үшін күресіп келді. Өзінің ең жақсы қасиеттері – қатер төнген сәттерде бірігіп, ұйымдаса білуінің, сондай-ақ, басқа халықтармен бейбітшілік, келісім мен тату көршілік жағдайында тұруға деген ынта-ықласының арқасында ол тарих тасқынының астында қалып қоймай, өзінің мемлекеттігін қалпына келтіре алады.

Айдын ҚҰЛЖАНБЕКОВ,

«Саран қаласының мемлекеттік архиві» КММ басшысы.

САРАН қаласы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.