Бас тақырып

Ел дамуына аудан, ауыл болып үлес қосайық!

Референдумның басталуына санаулы күндер қалды. Яғни, ел үшін маңызды әрі тарихи оқиға. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атом электр станциясының мәселесін өз Жолдауында айтып, саралап-талдап берген болатын. Әрі таңдауды халықтың еркіне берді. Ал, біз бен сіз болып, осы референдумға қатысып, ел болашағы үшін үлес қосуымыз қажет.

Сурет vestikavkaza.ru

Көпшіліктің көкейінде «Бізге қандай маңызы бар?» деген сұрақтың бары айдан анық. Өзім де осы мәселеге зер салып, зерделеп шықтым. Жалпы, АЭС – энергетикалық тәуелсіздік. Яғни, АЭС елдің энергия импортына тәуелділігін айтарлықтай төмендетіп, электр энергиясының тұрақты және үзіліссіз жеткізілуін қамтамасыз етеді. Әрі экологиялық тұрғыдан да тазалық сақталады. Ауаға бөлініп жатқан улы газ бен зиянды қалдықтар азаяды. Ал, экономика тұрғысынан айтар болсақ, станция салынған жағдайда сабақтас салалардың дамуына орасан ықпал етеді. Сәйкесінше, жұмыс орындары да ашылады. Отын мен басқа да ресурстарға салыстырмалы түрде қарағанда әлдеқайда шығыны төмен. Сапасы – жоғары. Қазіргі уақытта елде энергия көздері тозған. Одан қала берді тапшылық та бар. Мемлекет басшысы елді тығырықтан шығару үшін осындай шешімге тоқтады. Ал, қолдау – біздің тараптан.

Біз жергілікті билік өкілдері ретінде алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру жолында белсенді жұмыс жасап жатырмыз. Ел дамуына үлес қосайық!

Қанат САККУЛАКОВ,
аудандық мәслихаттың төрағасы.

Осакаров ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button