Спорт

Ел чемпионатындағы алғашқы жеңіс

Футболдан ел чемпионатының IV туры аяқталды. Қарағандылық «Шахтер» клубы өз алаңында «Астана» клубын қабылдап, 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Сурет: клубтың әлеуметтік желідегі парақшасынан

Есеп – ойынның 26-шы минутында ашылды. Роджер Каньястың алыстан бағыттаған добына қарсылас қақпашысы Йосип Чондрич тосқауыл қоя алмады. Осылайша Роджердің соққысы командасына ұпай алып келді.

Екінші айналымда елордалықтар ойынды өз қолдарына алды. Допқа иелік етіп, алаң қожайындарының осал тұсын іздеді. Дегенмен, жерлестер ойын соңына дейін қорғанысын әлсіретпей, ел чемпионатының осы маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button