Жаңалықтар

Экскаватор жүргізушісі қала тұрғынын қағып кетті

Қарағандыда экскаватор жүргізушісі 62 жастағы қала тұрғынын қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Өкінішке қарай, қала тұрғыны оқиға орнында көз жұмды. Біраз уақыттан кейін полиция қызметкерлері экскаватор жүргізушісін тауып, қамауға алды.

Оқиға «Магнитогорская» көшесінде орын алған. Аялдамаға жақын жерде тұрған қала тұрғынын экскаватор жүргізушісі қағып кетіпті. 

– Қалалық полиция басқармасының бүкіл құрамы жүргізушіні іздеуге жұмылдырылды. Көп ұзамай аудандардың бірінде полицейлер 61 жастағы экскаватор жүргізушісін ұстады. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан жол қозғалысы немесе көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн бұзуы» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір полиция қызметкерлері экскаватор жүргізушісінен жауап алып, оқиғаның мән-жайын анықтауда, – деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Ербол ЕРБОЛАТ,

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button