Екпесіз келешекке күмән көп

Халық арасында иммундауға немқұрайды қарап, екпенің кез келген түрінен бас тартатындар қатары кемімей тұр. Бүгінде тұтас халықтарды жалмаған, атын атаудың өзі қорқынышты дерттерге қарсы дәрі табылғанымен, осындай немқұрайдылық салдары олардың қайта пайда болуына алып келуі ғажап емес. Себебі, Қазақстанда балаларды иммундау деңгейі соңғы 5 жылда алғаш рет 90%-ға жете алмай қалды. Бұл елімізде екпеден бас тартқандардың бес жылда 3 есе артқанын білдіреді. Бір жағынан коронавирус вакцинасының айналасындағы жалған ақпараттар бұл мәселені одан әрі ушықтырып жібергені тағы бар.

Мұнда әңгіме коронавирус инфекция­сына қатысты емес, жалпы Ұлттық им­мундау күнтізбесіндегі екпелерге қатысты. Ол – бір­екі жылда пайда болды дейтін COVID­19 вакцинасы емес, кәдімгі дифте­ рия, сіреспе, көкжөтел, қызылша, тубер­ кулез, гепатит сияқты ауруларға қарсы кемі кейінгі жарты ғасыр бойы егіліп келе жатқан екпелер. Иммундау күнтізбесіне кіретін 11 ауру түріне қарсы екпе алған балалар саны өткен жылы 89,1%­-ды құра­ ды. Ресми мәлімет бойынша дені сау, екпе алуға жататын балалардың тиісті деңгейде қорғанбауы ойлантатын жайт. Себебі, бұл көрсеткіш шынымен де жыл санап кеміп келеді. Мәселен, 2016 жылы бұл көрсеткіш 92,9% болса, 2017 жылы 94,6%­-ға жетті. 2018­-де – 94,7%, одан кейінгі 2019 жылы 92,4% деңгейін қамтыған болатын. Ал, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұжымдық иммунитет қалыптасу үшін аталған деңгей 95%­-дан кем болмауы керек деп ұсынады. Былайша, бір­-екі пайыз елеусіз болғанымен, жыл сайын осыншаға кеми берсе, соңы жақсылыққа апармасы анық. Мамандардың жұқпалы аурулардың қай­ та өршіп кетуі мүмкін деген қорқынышы расқа айналады. 2019 жылы қызылшаның ошақтары тіркелгенін білеміз. Жасы да, жа­ самысы да ауырып еді сол кезде. 21 адам көз жұмды қызылшадан.

Былтырғы жылдың өзінде екпенің кез келген түрінен бас тартқан 5293 жағдай тіркелді. Ресми дектердің көрсетуі бойын­ша бұл 2019 жылғы көрсеткіштен 38,1%­-ға артық. Дегенмен, мамандар екпе десе, ат­тонын ала қашатын отбасылардың бұ­дан да көбірек екенін алға тартады. Екпе­ден қашатындардың көш басында болмаса да бел ортасында Қарағанды облысы да бар. Бас тартатындардың дені Алматы қаласында шоғырланыпты. Мұнда олардың үлес салмағы – 23,09%. Одан кейін Ақтөбе, Қарағанды, Атырау, Алматы және Батыс Қа­зақстан облыстары орын тепкен.

Екпеден қашу себептерін саралаған ЮНИСЕФ былтыр зерттеу сауалнамасын өткізіпті. Қазақстанның әр өңірінде жүр­ гізілген зерттеу сауалнама толтырған ата­аналардың басым бөлігі – 52,7%­ы екпе бала денсаулығына айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін деп есептейді. Ал, 45%­ы иммунитентті ауырып қалыптастырған артық деген көзқарасты ұстанады. Зерттеуге қатысқан әр төртінші ата­-ана бұл тақырыпқа немқұрайдылық танытқан.

Бұл мәселені реттеу үшін елімізде Ұлт­тық коммуникациялық стратегиясы мен 2021­2025 жылдарға арналған иммундау шараларының жоспары қабылданды. Ол – жоспарлы екпелердің барлығын қозғай­тын осы бағыттағы алғашқы құжат. Оған мұрындық болған Денсаулық сақтау министрлігі ЮНИСЕФ, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сияқты халықаралық және елдегі осы бағытта жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдардың басын қосты. Бұл мәселені қазір қолға алмаса, кеш болатынын түсінді.

Аталған құжатты жасаушылардың бірі Айнұр Айыпханова былтырғы пандемия иммундау ісін тежегенін айтады.

– Былтыр жоспарлы көмек тоқтап қал­ ды, жасына байланысты екпелер кейінге қалды. Денсаулық сақтау толығымен коронавируспен күреске бағытталды. Енді бұл мәселеге қайтып оралғанда ата­-аналардың көпшілігі қорқатынын көріп отырмыз. Олардың қорқынышы жоспарлы вакцинаның орнына жасырын коронавирусқа қарсы вакцинаны салып жібермей ме? Балаларымыз ауырып қалмай ма? Коронавирусқа қатысты көптеген жалған не­гізсіз ақпараттар осындай қорқыныштар туғызды. Мұнымен тек ғылыми негізделген ақпарат, сенімді мәлімет арқылы күресе аламыз. Ата­-аналардың ойын өзгертуге болатын мерзімді өткізіп алсақ, кеш болуы мүмкін, – дейді маман.

Интернеттегі ақпараттың көптігі жыл­дар бойы әлем бойынша қолданылып келе жатқан екпелерден қорқып, бастартуға алып келуде. Инфодемия салдарынан қазір адамдар аурудан емес, вакцинадан қорқатын болды.

Сонда қарапайым отбасыларға дұрыс, тексерілген ақпаратты кім береді? Екпе алу­ды кім насихаттайды? Жүктемелері онсызда көп учаскелік дәрігерлер ме? Енді үйреніп жатқанда ауысып кете беретін дәрігерлерден жүйелі жұмыс, шынайы нәтиже күту орынсыз.

Жансая ОМАРБЕК.