Облыс әкімдігінде

Экономикада – оң динамика

Облыс әлеуметтік-экономикалық дамудың оң динамикасын сақтап отыр. Ауыл шаруашылығында жақсы қарқын байқалады. Аймақтың фермерлері ет пен сүт өндірісін арттырды. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын ала қорытындылары онлайн режимінде аппараттық кеңесте талқыланды.

Various fresh dairy products on wooden background

– Ауыл шаруашылығында 2,5% өсіммен 339,4 млрд. теңгенің өнімі шығарылады деп күтілуде. Мал шаруашылығында көлем 3,5%-ға, өсімдік шаруашылығы 0,1%-ға ұлғайды. Облыста ірі қара мал саны 605,8 мың басқа, жылқы – 437,4 мың, қой – 825 мың, ешкі – 219,1 мың басқа жетті, – деп хабарлады экономика басқармасының басшысы Азамат Мұқанов.

Ет өндірісі 3,5%-ға артып, шамамен 105 мың тоннаны, сүт – 411,9 мың тоннаны құрап, 4,1%-ға артты. Өнеркәсіп өнімі 3 трлн. теңгеге өндірілді. Металлургия өнімдерін шығару ұлғайды. Болат өндірісінде көлемі 2 793,9 мың тонна. Осылайша болат 19,4%-ға, жазық илек – 16,9%-ға (2 202,6 мың тонна), шойын – 15,1%-ға (2 587,6 мың тонна) өсу болжанып отыр. Облыстың негізгі капиталына инвестициялар бойынша 5,1% өсіммен шамамен 537 млрд. теңгені игеру күтілуде. Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек оң динамиканы сақтау және барлық бағыттар бойынша жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша тапсырмалар берді.

– Жалпы, барлық көрсеткіштердің оң динамикасы бар. Инвестициялар бойынша жақсы қарқын байқалуда. Жалпы соманың 90%-ы – жеке инвестициялар. Бұл қолайлы инвестициялық климатты көрсетеді. Инвесторлардың аймаққа сенімі зор. Ауыл шаруашылығында, мал шаруашылығында да, өсімдік шаруашылығында да жақсы нәтижелер бар, – деп атап өтті аймақ басшысы.

Облыста 2021 жылға экономика өсімі 3,4% құрайды деп жоспарланған.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button