Спорт
Екінші отандасымыз жарыс жолынан шығып қалды
Отандасымыз Санатәлі Төлтаев Ташкенттегі әлем чемпионатының 1/16 финалында жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалды.
63,5 келі салмақта өнер көрсеткен ол маврикийлік боксшы Ришарно Луи Коленадан айласын асыра алмады. Төрешілердің шешімімен жеңіс африкалық боксшының пайдасына шешілді. Ендігі оның қарсыласы Өзбекстан атынан өнер көрсететін қазақ Руслан Абдуллаевпен жұдырықтасады.
Естеріңізге сала кетейік, Санатәлі Төлтаев байрақты бәсекеде жарысты аяқтаған екінші боксшы. Бұған дейін 60 келі салмақта сынға түскен Талғат Сырымбетов бар.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz